Ақтөбе облысында қаржы пирамидасының белгілері бар компания анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында қаржы пирамидасының белгілері бар компания анықталды

30.11.2021

Ақтөбе облысында қаржы пирамидасының белгілері бар компания анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында заңсыз қомақты ақша салу және үстеме пайда табу әрекетіне барған ұйымның жолы кесілді. Олар «Крауд 1» компаниясының желілік ұйымы ретінде халыққа виртуалды жер учаскелерін сатып алу бойынша қаржы инвестициялау жолдарын ұсынған. Қызмет түрлерінің құны 2 500 еуроға дейін жеткені анықталды. Осылайша, инвестиция тартып, кепілдендірілген кірістерді жалған құжаттар арқылы растап отырған. 

Гаухар Сапарбаева, Қаржы бақылау агенттігінің ресми өкілі:

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 271-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Егер сіз осы қаржы пирамидасының құрбаны болсаңыз, Ақтөбе облысы бойынша департаментіне хабарласыңыз. 


Хабарламаларға жазылу