АҚШ конгресінің спикері Пелосидің сапарына Қытай қарсылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ конгресінің спикері Пелосидің сапарына Қытай қарсылық білдірді

03.08.2022

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасының спикері Қытайдың қарсылығына қарамастан Тайваньға барды. Бұл сапар коммунистік елдің қарулы күштерін арандатушылыққа итермелейді деген болжам айтылған еді. Алайда Қытай әзірге әскери жаттығумен шектелуі мүмкін.

Айта кетсек Қытай Тайваньды өзінің ажырамас бөлігі деп есептейді. Және де Бейжің оған америкалық өкілдің баруын елдің ішкі істеріне араласу деп мәлімдеп отыр.

Пелосидің азиялық сапарындағы мемлекеттер тізімінде Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Жапония бар. Алайда оның Тайваньға ұшатыны ресми түрде жарияланбаған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу