АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары аяқталды

03.08.2022

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары аяқталды. Ол бірер сағат бұрын Оңтүстік Кореяға аттанды, содан кейін Жапонияға барады. Пелоси Тайвань президенті Цай Ин-вэнмен кездесті. Жүздесу барысында америкалық саясаткер аралда демократияға «темірдей» қолдау көрсетуге уәде берді. Америкалық спикердің айтуынша, бұл сапар Тайваннан Құрама Штаттардың бас тартпайтынын аңғартады. Тағы бір сөзінде Пелоси америкалық конгрессмендердің аралға баруы Американың Тайваньға қатысты саясатына толық сәйкес келетінін атап өтті. Айта кетсек, Қытай Тайваньды өзінің ажырамас бөлігі деп есептейді. Сондықтан, Бейжің аралға америкалық өкілдің баруын «елдің ішкі істеріне араласу» деп мәлімдеді. Бұған қоса, Бейжің Тайванның айналасындағы алты ауданда ертең әскери жаттығуларды бастайтынын хабарлап отыр.  

Арыстанбек Рысбек

Хабарламаларға жазылу