Украинадағы Одесса портынан алғашқы кеме аттанды
Украинадағы Одесса портынан астық тиелген алғашқы кеме шетелге аттанды. Бұл - Ресеймен арада әскери қақтығыс басталғалы бергі - бес айдан астам уақытта жолға шыққан су көлігі. Сьерра-Леоне туымен сапарға аттанған кеме «Разони» деп аталады. Ол Ливанға жүгері апара жатыр. Украинадан бидай мен өзге де ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорты тоқтағаны белгілі. Сол себепті әлемде миллиондаған адамға ашаршылық қаупі төнген еді. Киев пен Мәскеу Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Түркияның арағайындығымен астық экспортын жандандыру туралы келісімге өткен айда Ыстанбұлда қол қойды. Айта кетсек, әскери жанжалдың кесірінен Украина қоймаларында 22 миллион тоннадай астық жиналып қалды. Оны халықаралық нарыққа жөнелтуге енді ғана мүмкіндік туып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16