Тұтынушыларға жылу үшін 490 млн теңгеге жуық қаражат қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұтынушыларға жылу үшін 490 млн теңгеге жуық қаражат қайтарылады

01.08.2022

Тұтынушыларға жылу үшін 490 миллион теңгеге жуық қаражат қайтарылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері хабарлады. Мұндай шешім Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен аумақтық бөлімшелер жүргізген тексерістен соң қабылданып отыр. Қаржы тек жылу энергиясын есепке алу құрылығылары жоқ тұрғындарға ғана беріледі. Ақша тұтынушының жеке есепшотына түседі. Тиісінше, ол ақшаны азаматтар жұмсай алмайды. Шоттағы қалдық келесі жылдың жылыту маусымында алынады.

Тимур Қосымбаев, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары:

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 186 миллион, Қарағанды облысы бойынша 81 миллион және Алматы қаласы бойынша қаражат 41 миллион теңгені құрайды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу