Елордада «Қос мұңлық» қойылымы сахналанды
Бұл - Талдықорған драма театры сахналаған «Қос мұңлық» қойылымы. Өнер ұжымы Қазақстанның Халық әртісі Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына орай Елордаға гастрольдік сапармен келді. Шығармаға жалғыз ұлының шаңырағына сыймай, қарттар үйін паналаған қарт ананың мұңлы тағдыры арқау болған. Астанада бірнеше күн аялдайтын театр ұжымы бұдан бөлек, «Мұғалім», «Жалқаудың жыры» қойылымдарын да көрерменге ұсынбақ. Театрға келушілер сахна саңлағы саналатын ерекше өнер иесі - Бикен Римованың жеке заттары қойылған көрмені тамашалай алады.
Ерлік Жуасбек, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының директоры:
Астананың жұртшылығына тартуымызбен келдік. Түрксой мәдениет үйімен бірлесіп жасап жатқан соң, ол кісілер апамыздың көрмесін Анкарада жасауға көмегін беріп жатыр.
Ақмаржан Ғафиз
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Былтыр Италияға 185 млн турист келген
12.02.2026, 10:33
Олимпиада 2026: Биатлон мен фристайл-могулдан жарыс өтті
12.02.2026, 10:31
Астанада Alem Tech Fest фестивалі басталды
12.02.2026, 10:29
БҚО-да сталкинг жасаған 2 ер адам сотталды
12.02.2026, 10:26
Шымкентте ағаш құлап, 10 жастағы бала қайтыс болды
12.02.2026, 10:25
Үндістанда шахтадағы жарылыс құрбандарының саны 30-ға жетті
12.02.2026, 10:24
Зеленский сайлау уақытын ақпанда жарияламайтынын мәлімдеді
12.02.2026, 10:22
Түркістан облысында өзен суы шайып кеткен көпір қайта салынады
12.02.2026, 10:19