Елімізде 249 мың адам жұмыспен қамтылды
Бірінші жартыжылдықта бюджет саласындағы 850 мың қызметкердің, квазисектордың өндіріс саласында 240 мың және бизнес құрылымдарында 1 млн-нан астам еңбеккердің жалақысы өсті. Бұл туралы Президент қабылдауында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Мемлекет басшысына Халықтың табысын арттыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берілді. 2025 жылға дейінгі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында 2 млн-нан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның 444 мыңы биыл ашылады. Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың табысын арттыру жұмыстарын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл барлық орталық және жергілікті атқару органдары үшін басты міндет болуы тиіс.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07