Кенжекөл-Павлодар тас жолында жол апатынан 8 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кенжекөл-Павлодар тас жолында жол апатынан 8 адам зардап шекті

28.07.2022

Кенжекөл-Павлодар тас жолында ірі жол апаты болып, 8 адам зардап шекті.

Жол-көлік оқиғасы кезінде жарақат алғандардың арасында балалар да бар. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, «JAC» маркалы автобус «ВАЗ» көлігімен соғысып, қатты соққы салдарынан ол «Volkswagen»-ге соқтығысқан. Зардап шеккендер екі жеңіл көліктің жолаушылары. Оларға медициналық көмек көрсетілген. Құқық қорғау органдары апат кезінде автобуста жүргізушіден басқа адам болмағанын айтады.

Аталған дерек бойынша тергеп-тексеру жұмыстары басталды. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу