Еліміздегі кино саласына 5 млрд 600 млн теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі кино саласына 5 млрд 600 млн теңге бөлінді

27.07.2022

Елімізде кино саласына 5 млрд 600 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға 60-тан аса фильм түсіріледі. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының өкілдері биыл 18 толық метражды, 19 деректі, 17 қысқа метражды кино түсірілетінін хабарлады. Ал анимациялық жобалар саны сегіз. Орталық басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шөкенов бөлінген қаржының көбі әлеуметтік маңызы бар фильмдерге жұмсалатынын жеткізді. Жалпы елде кино түсіруге бұған дейін де ақша бөлінген. 2019 жылы 17 жобаға, ал екі жыл бұрын қырыққа жуық фильм қаржыландырылған еді. Биыл бюджет ақшасына фильм түсіру үшін байқауға 208 өтініш жіберілген. Ұйымдастырушылар оны ашық өтті деп есептейді.

Кино түсіруге 5,6 млрд теңге бөлінді

Досхан Жолжақсынов, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жанындағы сараптама кеңесінің төрағасы:

Биылғы жылғы сараптама тобы 80 пайызға өзгерген. Оның да құрамының негізі жастар. Сараптама тобының қызметі мейлінше әділ, шыншыл өтті деп ойлаймын. Әрине, бәйгеге түскен көп дүниелерге жастарымызға әрқайсысымыз қал-қадіріміз келгенше ақыл-кеңес беруге тырыстық.


Хабарламаларға жазылу