Берешегін өтесе семейліктерге жылу қайта берілер-ау, ал Ресейдің энергетикалық алыбы – «Газпром» Еуропа одағына газ беруді күрт қысқартатынын жариялады. Жаңа шешімге сәйкес, «Солтүстік ағын-1» құбыры арқылы Еуропаға экспортталатын көгілдір отынның күндік көлемі - 20 пайызға немесе 33 миллион текше метрге кемімек.
Айта кетсек, өткен айда «Газпром» турбинаны жөндеу қажеттігін алға тартып, «Қарт құрлыққа» газ жөнелтуді бір мәрте доғарған еді. Еуропа елдері болса, газ тұтынуды 15 пайызға азайту туралы шешім қабылдады. Еуроодақ Мәскеуді энергетикалық ресурстарды қарсы пайдаланды деп айыптап отыр.
Ресей мұнай экспорттаудан әлемде Сауд Арабиясынан кейінгі екінші, ал газ сатудан бірінші орында тұр. Украинадағы әскери жанжал басталғанға дейін Еуропа бұл мемлекеттен өзіне қажетті газдың 40 пайызын, мұнайдың 30 пайызын импорттап келді.
Арыстан Рысбек