Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 4,5 миллион теңге беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 4,5 миллион теңге беріледі

25.07.2022

Халықаралық олимпиада жеңіспен оралған оқушыларға 4,5 миллион теңге дейін сыйақы төленеді. Сондай-ақ, олар Ұлттық біріңғай тестілеуге қатыспай-ақ, жоғары оқу орнына түсе алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Биыл оқушылар арасындағы халықаралық білім сайыстарының қорытындысы бойынша қазақстандық балалар 21 медаль жеңіп алған. Оның үшеуі алтын, 13-і күміс және бесеуі қола. Дарынды балалар математика, физика, география, биология, химия пәндерінен бақ сынаған. Алдағы уақытта информатика және логистикадан олимпиадаларға бару жоспары да бар. Министр жеңімпаздарды, ата-аналар мен ұстаздары құттықтап, алғыс білдірді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу