Париж олимпиадасының чемпионы атанған боксшы 210 млн теңге алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж олимпиадасының чемпионы атанған боксшы 210 млн теңге алады

02.04.2024
0:00:00
0:00:00

210 миллион теңге. Париж олимпиадасының чемпионы атанған боксшыға осынша сыйақы беріледі. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы басшылығының лицензия алған спортшылармен және бапкерлермен кездесуінде белгілі болды.

Төрт жылдықтың басты бәсекесіндегі жеңімпазға еліміздің бокс федерациясы 220 мың доллар яғни 98 миллион теңге табыстайды. Бұған қоса, мемлекет тарабынан берілетін 250 мың доллар яғни 111 миллион теңге тағы бар. Екеуін қосқанда Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы 210 миллион теңге алады. Ал күміс жүлдегерге Қазақстан бокс федерациясы 120 мың, ал үшінші орынға 70 мың долар береді. 4-ші және 5-орын алған спортшыларға да қолдау қарастырылған.

Бапкерлері де назардан тыс қалмайды. Олар шәкіртінің сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай төлем алады. Айта кетейік, қазір ұлттық құрама қоржынында 7 лицензия бар. Оның алтауын ерлер, біреуін бұрымды былғары қолғап шеберіміз жеңіп алды.


Хабарламаларға жазылу