Каспий порттары арқылы отандық кәсіпкерлердің жүк тасымалы артты.
Каспий порттары арқылы отандық кәсіпкерлердің жүк тасымалы артты. Бұл туралы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының басшысы Асхат Қабашев арнайы брифингте мәлімдеді.
Қазір теңіздегі Ақтау, Солтүстік терминал және Құрық порттары толық қуатымен жұмыс істеп тұр. Салдарынан, өңірге темір жол және автокөлік арқылы жүк тасымалдау көлемі де ұлғайды. Экспорттаушы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жүк тасымалын үзбеу үшін, жаңа контейнер хабын салу жоспарда бар. Бұл жұмыстар «Ақтау» порты арнайы экономикалық аймаққа өткеннен кейін жүзеге асырылатын болады.
Асхат Қабашев, «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ басқарма төрағасы:
Екі жыл бұрын пандемия салдарынан порттарда жүк тасымалы көп болған жоқ. Оның үстіне бірнеше тауарға эмбарго енгізілді. Ол да жүк көлеміне теріс әсер етті. Қазір жағдай мүлде басқаша. Порттар толық жұмыс істеп тұр. Қосымша контейнер хабын салу үшін 19 гектар жер дайындап отырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін сағат 20:30-да: Жарықты сөндір – табиғатты қолда
28.03.2026, 20:49
Қазақстандық футбол жанкүйерлері Түркияға барды
28.03.2026, 20:09
Digital Battle жеңімпаздары анықталды
28.03.2026, 20:09
Таразда 4 млрд теңгеге жуық қаржыға екі зауыт ашылды
28.03.2026, 20:05
Суға батып кеткен 8 жастағы бала іздестіріліп жатыр
28.03.2026, 20:05
16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынды
28.03.2026, 20:05
Түркия халқы қартайып барады
28.03.2026, 20:05
Руслан Құрбанов Әлем кубогының жартылай финалына шықты
28.03.2026, 20:04