Нұр-Сұлтанда нөсер жауынға арналған арықтар салынып жатыр

01.08.2020

Елордада нөсер жаңбырдың суына арналған арықтар салынып жатыр. Жоба аясында қаланың «Жастар» шағын ауданы қамтылды. Салынған құрылғылардың су өткізу қауқары тәулігіне 42 мың текше метрден асады. Бұл Тәшенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев көшелері мен Республика даңғылын су тасқынынан қорғайды. Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлы көшесінің проблемалық аймағына да кәріз коллекторы салынуда.  

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу