Орталық Азия елдері басшыларының IV Консультативтік кездесуі: Ортақ құжаттың бауырлас елдерге берері мол - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия елдері басшыларының IV Консультативтік кездесуі: Ортақ құжаттың бауырлас елдерге берері мол

21.07.2022

Қырғызстанда өткен 4-ші консультативтік кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияда қауіп-қатерлер көп, оған бірлесіп қарсы тұруымыз керек деді. Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстан қол қойған келісім-шарт елдер арасындағы сенімді нағайтады. Мәселен, шекара бекіту жағынан Қазақстан бауырлас елдерге тәжірибемен бөлісіп, кеңес бере алады, дейді сарапшы.

Ерсұлтан Жансейітов, сарапшы:

Қазақстан 90-шы жылдары өзінің шекараларын демилитизациясын, өзінің шекараларын бәрін аяқтап бітірген. Бізде ол жақтан тәжірибе көп. Өзіміздің тәжірибемізді түсіндіріп бөліссек болады. Ол сұрақтарды тек қана екі ел келісіп қана шеше алады. Олардың орнына бұл мәселені шешіп бере алмайды. Қазақстан бұл жерде консультация беріп, медиатор бола алады.


Хабарламаларға жазылу