Елбасы Сыртқы істер министрін қабылдады

12.01.2021

Елбасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады. Онда Тұңғыш Президенттің қатысуымен өтетін сыртқы саяси іс-шаралардың кестесі қаралды. Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев Құрметті Төрағасы саналатын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің және Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесулерінің алдағы уақытта өтетін жиындарына ерекше мән берілді.   

Асима Нұрбайқызы 


Хабарламаларға жазылу