Президент: Логистикалық байланысты дамыту аса маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Логистикалық байланысты дамыту аса маңызды

21.07.2022

Орталық Азия елдері арасындағы логистикалық байланысты назардан тыс қалдыруға болмайды. Шығыс Азия мен Парсы шығанағы елдері арасындағы ең қысқа жол «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» темір жол бағытын белсенді пайдалану қажет. Орталық Азия елдері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысқан Президент осылай деп мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Иранға сапары барысында Түркменстан мен Иран аумағы арқылы Қазақстаннан Түркияға алғашқы контейнерлік пойыз іске қосылғанын айтты. Бұл жаңа бағыт 12 күнде 6 мың шақырымды өткеруге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Таяу шығыс пен Еуропа нарығына кіру үшін біздің Ақтау және Құрық портын пайдалануға шақырды. Орталық Азия елдері басшыларының IV Консультативтік кездесуі Қырғызстанның Шолпан-ата қаласында өтіп жатыр. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан мен Тәжікстан президенттері қатысуда.


Хабарламаларға жазылу