Тұңғыш алтын: отандасымыз жеңіл атлетикадан чемпион атанды
Қазақстан тұңғыш рет жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль алды.
Орегонда өтіп жатқан дүбірлі додада әйелдер арасында 3 мың метрге кедергілермен жүгіру жарысының финалы өтті. Жарыстың негізгі фавориттерінің бірі - Қазақстан өкілі Нора Джеруто болатын. Ол белгіленген қашықтықты 8 минут 53 секундта бағындырып, жеңімпаз атанды.
Бұл алтын медаль Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы бірінші алтыны. Екінші орынды эфиопиялық спортшы Веркуха Гетачью, ал үшінші орынды оның отандасы Мекидес Абебе жеңіп алды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12