Алматыда тікұшақ қонатын алаңы бар екі жер телімі мемлекетке қайтарылды. Қалалық прокуратура қылмыстық топтан миллиард теңгенің мүлкін тәркіледі. Мұндай шара активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыс аясында атқарылды. Қылмыскерлер жауапкершіліктен жалтарту үшін «арам пиғылды» жоспарларын жүзеге асырған. Мәселен, қылмыскердің бірі жер учаскесін әкесінің атына жаздырған. Тіпті, мүлікті сақтап қалу үшін жалған некеге де отырған. Еске салайық, 2017 жылы 87 миллиард теңгені қолма-қол айналдырғаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топ сотталған еді. Олар 86 жалған кәсіпкерлік ашып, 28 миллиард теңгеге салық төлеуден жалтарған.
Ерлан Омарбаев, Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуроры:
Жүргізілген ауқымды сот процесстері, сондай-ақ азаматтық істің апеляциялық сатыда қаралу нәтижесі негізінде қадағалау органының талап-арызы толығымен қанағаттандырылды. Жоғарыда қабылданған шаралар мемлекет пайдасына бағалы мүліктердің қайтарылуына негіз болады.
Фариза Мұсақызы