Маңғыстауда 171 жер телімі мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 171 жер телімі мемлекетке қайтарылды

21.11.2018

Себебі, олар уақытылы әрі мақсатты игерілмеген. Бұл жөнінде әкімдікте өткен жер қатынастары бойынша жиында айтылды. Мұндай заңбұзушылық, әсіресе, Түпқараған мен Мұнайлы ауданында жиі кездеседі. Түпқараған бойынша 230-дан астам жер телімінің құжаты сотта қаралып жатыр.  Жаңаөзен қаласында да 18 жер учаскесі бойынша сот процесі өтуде. Ал, Бейнеу ауданында заңсыз берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды. Осындай жағдайға жол берген лауазым иелері енді тәртіптік жауапкершілікке тартылады. 

Есемұрат Дүзмағанбетов, Жер қатынастары басқармасының басшысы:

-Азаматтар мәліметті көргісі келсе, арнайы ресми сайт бар. Жер кадастрының автоматтандырылған жүйесі деген. Соған интернет арқылы кіріп, кез кезген уақытта қандай жер қандай мақсатқа берілгенін көруге болады. Сол жерде бос жерлер де көрсетілген.  

 

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу