Атырау облысында өрттен қойы қырылған малшыға өтемақы төленбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында өрттен қойы қырылған малшыға өтемақы төленбейді

18.07.2022

Атырау облысында дала өрті кезінде мыңға жуық еділбай қойы тірідей жанып кеткен малшыға өтемақы төленбейді. Өйткені, олар сақтандырылмаған болып шықты. Иесі де шағым жазбаған. Оқиға шілде айының басында Құрманғазы ауданындағы Сүйіндік ауылдық округіне қарасты Жалғызапан ауылында болған еді. Қызыл жалын 100 гектардай аумақты шарпып, қыстақта тұрған малға зиянын тигізген.


Хабарламаларға жазылу