Шымкентте 8 автокөлік соқтығысып, екі адам мертікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 8 автокөлік соқтығысып, екі адам мертікті

18.07.2022
Шымкентте 8 автокөлік соқтығысып, екі адам мертікті

Шымкентте ауыр жүк көлігі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтай алмастан алдында тұрған 7 автокөлікті соғып өтті.

Жол апатынан қаза болғандар жоқ. Екі адам жарақат алды.

Апат салдарынан жолда кептеліс болып, қозғалыс қиындады. «Хова» көлігінің ауыр соққысынан алдындағы машиналардың біраз жері бүлінген. Солардың арасында болған «Газель» автокөлігіндегі 4 тонна қарбыз шашылып, көкөністің бәрі езіліп қалды.

Әзірге белгілі болғаны ауыр жүк көлігінің сол сәтте тежегіші жұмыс істемей қалған. Оның жүргізуішісі адамдардың денсаулығына зиян келтiру, көлiк құралдары және өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келгені үшін жазаға тартылады.

 

Хабарламаларға жазылу