Шымкентте автобус апатынан 9 адам жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте автобус апатынан 9 адам жарақат алды

24.11.2023

Шымкентте жолаушылар мінген екі автобус бір-бірімен соқтығысып, 9 адам жарақат алды. Олардың барлығы аурухана жеткізілген. Жол апаты кезінде басынан соққы алған екі тұрғын нейрохирургия орталығына жатқызылды. Олардың бірі 31 жастағы жүкті әйел, екіншісі 67 жастағы зейнеткер.

Жарақат алған азаматтардың қалғаны медициналық тексерістен соң үйлеріне жіберілді.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу