Батыс Қазақстан облысының тасжолдарында 12 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысының тасжолдарында 12 адам қаза тапты

10.01.2024

Тазартылмаған қар көлік апаттарына алып келеді. Мәселен, Батыс Қазақстан облысының тасжолдарында/ он күннің ішінде 12 адам ажал құшып, 21 адам жарақат алған. Ішінде/ кәмелетке толмаған балалар да бар. Кеше түнде/ Чапай-Жаңақала-Сайхын тасжолында екі көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты. Олардың төртеуі - бір үйдің адамдары. Көлік апатынан аман қалған 1 жас 9 айлық сәби/ облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Жағдайы ауыр. Апатқа/ жылдамдықты асырып, рөлге ие бола алмаған жүргізушілер ғана емес, тасжолды қар мен мұздан уақытылы аршымаған мекемелер де кінәлі. Полиция қызметкерлері жолдарды күтіп ұстау бойынша, 9 күнде/ 90 рет тексеріс жасап, құзырлы мекемелерге 90 нұсқама жіберген. Алайда, оны орындамаған лауазым иелеріне/ 12 әкімшілік хаттама толтырылды. Соңғы жол көлік оқиғаларына байланысты, "ҚазАвтоЖол" мекемесінің және облыстық автокөлік жолдары басқармасының басшыларына қатысты/ әкімшілік іс қозғалды.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу