Павлодарлық шаруалар дизель отынының дұрыс бөлінбеуіне қатысты наразылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық шаруалар дизель отынының дұрыс бөлінбеуіне қатысты наразылық білдірді

15.07.2022

Павлодарлық шаруалар дизель отынының дұрыс бөлінбеуіне қатысты наразылық білдірді. Олардың сөзінше, әкімдік қордың көп бөлігін «ЛВ Трейд» компаниясына береді екен. Аталған мекеме ірі көлемді игере алмайды. Салдарынан бекеттерде ұзын-сонар кезек пайда болады. Өткен жылы күзгі дала жұмыстарына бөлінген 20 мың тонна дизельдің тең жартысынан астамын ЛВ Трейд алған. Кәсіпкерлер мұндай бассыздықтың 3-4 жылдан бері жалғасып келе жатқанын айтады.

Ғабит Өмірбеков, Заңгерлер палатасы төрағасының орынбасары:

Ауыл шаруашылығы басқармасы бізді қаперіне алмастан, дизельдің көбін ЭЛЭФ Трейдке береді. Сол арқылы кәсіпкерлердің құқығын бұзып, заңсыз әрекетке барып отыр. Бұл жағдай 3-4 жылдың көлемінде жалғасып келе жатыр. Осы жылы көктемгі дала жұмыстарына Парнас пен Рымжан серіктестігіне 2 мың тонна ғана дизель берді. Ал ЭЛЭФ Трейдке 7 мың 600 тонна берілген.


Хабарламаларға жазылу