Цифрлық құжаттарды қолдану аясы кеңейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Цифрлық құжаттарды қолдану аясы кеңейеді

15.07.2022

Енді туу, неке, ажырасу, қайтыс болу туралы куәліктер мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін азаматтың «eGov»-тағы жеке кабинетіне түседі. Президент Инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды. Құжат мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. EGov mobile цифрлық құжаттар сервисінің қолданылу аясы кеңейтілді. Ауылдағы ағайындар үшін «Қазпошта» базасында халықтың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігінің «цифрлық нүктелері» ашылады. Сонымен қатар, енді қағаз құжаттардың түп-нұсқасы мен электрондық түрдегі нұсқасы бірдей жарамды болады.

Ерхан Таткен, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз хатшысы:

Заң аясында құжатты тасу міндеттелмейді. Кез келген азамат мекемеге барып, цифрлық форматтағы құжатын мобилді қосымша арқылы көрсетсе жеткілікті. Мөр қоюдың заманы өтіп жатыр. Осы тұрғыда цифрлық форматта тиісті мөрді ойлап таптық. Кез келген құжат цифрлық түрде бекітілетін болады.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу