Бурабайда жас патриоттар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайда жас патриоттар форумы өтті

06.05.2019

Бурабайда өткен жас патриоттар форумына 3 жасар баланы құдықтан алып шыққан Нәдір Омарғазиев пен өрттен іні-қарындастарын құтқарған Дархан Әмірхан қатысты. Олар сияқты түрлі салада көзге түскен дарындылар қазақстандық жас патриоттар академиясына қабылданды.

Бүгінде «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы жанындағы академияның 2 мыңға жуық қатысушысы бар. Академия жыл сайын кеңейіп келеді. Биыл жас патриоттар жиыны Бурабайда, Қапшағай мен Түркістанда өтуде. Үш аймақ телекөпір арқылы байланысқа шықты. «Ұлы дала жастары рухани жаңғыру жолында» деп аталатын форум биыл алғаш рет халықаралық деңгейде өтті.

Мерхат Жылқыбаев, жас патриоттар академиясының мүшесі:

- Әр облыстарда, әр қалада аймақтық филиалы болатын болса, осы біздің патриоттарға бір жеңіл болар еді, ыңғайлы болар еді.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу