Келер жылы газ тапшылығы туындауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылы газ тапшылығы туындауы мүмкін

14.07.2022

Келер жылы елде газ тапшылығы туындауы мүмкін. 10 жылда нарықта газ тұтыну көлемі екі еседен аса өсіп, 9-дан 19 млрд текше метрге дейін жеткен. Дегенмен көгілдір отынды экспорттық нарықтан ішкі нарыққа қарай бағыттау – импорттан түсетін табыстың азаюына алып келеді. Сонымен бірге саудада тепе-теңдік бұзылады. Президент бұл проблеманы шешу үшін жүйелі жұмыс, оның ішінде ресурстық базаны ұлғайту және газды қайта өңдеу қажет екенін жеткізді. Газ өндіру мен өңдеуді ұлғайту арқылы ғана мемлекет экспорттық пайдадан қағылмай, әрі ішкі нарықты толық қамтуға мүмкіндік болады. Айта кетейік, сұйытылған газдың шекті көтерме бағасының өсуі көгілдің отынның бөлшек саудадағы құнына әсер етпейтінін бұған дейін энергетика министрлігі айтқан. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2023 жылға дейін шекті бағаны ұстап тұрады. 

Хабарламаларға жазылу