Мамыр айында халықтың табыс көрсеткіші 3%-ға жуық төмендеп кеткен
Мамыр айында халықтың табыс көрсеткіші 3%-ға жуық төмендеп кеткен. Мұндай құлдырау көптен бері болған емес. Азаматтардың табысын арттыруға арналған бағдарламаның жұртқа тигізіп жатқан пайдасы шамалы. Мемлекет басшысы ең алдымен, жергілікті жерлерде тиімді жұмыс жүргізуді тапсырды. Расымен былтыр табыс 5 пайызға ғана өскен. Алайда Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау мен Түркістан облысында жұрттың жалақысы орташа республикалық деңгейге де жетпейді. Бұл көрсеткіш Алматы және Шымкент қалаларында да төмен. Ал, Қызылорда облысында тұрғындардың табысы тіпті азайып кеткен. Бұған дейін халықтың тіпті азық-түлік алу үшін несие алатынын айтқанбыз. Азаматтар кредиттің 16 пайызын азық алуға жұмсайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22