Жекеменшік балабақшаларды лицензиялау тәртібі енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жекеменшік балабақшаларды лицензиялау тәртібі енгізіледі

14.07.2022

Жекеменшік балабақшалардағы лицензиялау тәртібі қайта енгізіледі. Президент бұл ең алдымен қоғамға қажет шара екенін айтты. Себебі балабақшаларда балаларды ұрып-соғу деректері бар. Сонымен қатар, жұмыс істемейтін мекемелерге қаржы бөлу көбейіп кетті. Мұның бәрі олардың қызметі ашық емес екенін, азаматтық жауапкершілігі жоқтығын көрсетеді, деді Президент. 2011 жылы балабақшалардың лицензия бойынша жұмыс істеу тәртібін тоқтатылған еді. Мемлекет бұл қадамға амалсыздан барды, дейді Президент. Өйткені, мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен барынша қамтуымыз керек болды. Нәтижесінде 2 және 6 жас аралығындағы балалардың 88 пайыздан астамы балабақшамен қамтылды. Енді қызмет көрсету сапасын арттыратын кез келді. Үкімет осы мәселені мұқият қарастыруы керек, деп айтты Мемлекет басшысы.

Хабарламаларға жазылу