Президент: Әрбір 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Әрбір 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу керек

14.07.2022

Мамыр айында халықтың табыс көрсеткіші үш пайызға жуық төмендеп кеткен. Мұндай құлдырау көптен бері болған емес. Азаматтардың табысын арттыруға арналған бағдарламаның жұртқа тигізіп жатқан пайдасы шамалы. Мемлекет басшысы ең алдымен, жергілікті жерлерде тиімді жұмыс жүргізуді тапсырды. «Әкімдер жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуы тиіс»,-деді. Қасым-Жомарт Тоқаев, бұл бағытта нақты нәтиже жоқ екенін тағы ескертті. Мәселен, былтыр табыс 5 пайызға ғана өскен. Алайда Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау мен Түркістан облысында жұрттың жалақысы орташа республикалық деңгейге де жетпейді. Бұл көрсеткіш Алматы және Шымкент қалаларында да төмен. Ал, Қызылорда облысында тұрғындардың табысы тіпті азайып кеткен. Президент аймақ басшыларының жұмысын бағалар кезде, осы көрсеткішке баса мән беруді ескертті.

Хабарламаларға жазылу