Бүгін «Балапан» телеарнасына - 4 жыл. Осыған орай бүлдіршіндердің сүйікті арнасы өзінің кішкентай көрермендеріне арнап, тікелей эфирде «Балапанмен бірге» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Онда балғындар бойындағы өнерлерін паш етіп, мың бұрала билеп, әуенді ән шырқады. Сондай-ақ, жүзден жүйрік мыңнан тұлпар атанған балалар сурет салу мен тағам әзірлеуден де кенде емес екендерін көрсетті.
Осы жылдар аралығында арна ұжымы елеулі жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді. 3 пен 12 жас аралығындағы көрермендер назарына 100-ден астам бағдарлама, 20-ға жуық анимациялық мультфильм, 2 сериал ұсынды.
Лаура БЕКЖІГІТ