«Таңшолпан». «Balapan» телеарнасына – 7 жыл (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». «Balapan» телеарнасына – 7 жыл (ВИДЕО)

20.09.2017

Балалардың сүйікті серігіне арналған «Balapan» телеарнасы жақында жаңа маусымын бастады

Балалардың ой өрісін дамытуға, қабілетін арттыруға, отансүйгіштік пен еңбекке баулуға үйрететін тұңғыш, отандық, балаларға арналған «Balapan» телеарнасына – 7 жыл.

Аудиториясы 12 жасқа дейінгі балаларды қамтитын арнаның жаңа маусымға әзірлеген тосынсыйы көп.

«Өзге жылдарға қарағанда биылғы жылы арна жаңа жанрлармен толықты. Атап айтқанда, бұрын-соңды болмаған «Саядан хат» реалити-шоуы эфирге шықты. Одан басқа ситуациялық комедия, фэнтези жанрындағы телехикаялар  да бар», - дейді бас редактор Әйгерім Балғабаева.

Бүлдіршіндердің ғана емес, ата-аналардың көңілінен шыққан бағдарламаның бірі – «Оп-оңай». Ол балаңызға өздігінен еден, терезе жууды, гүлге күтім жасауды, тамақ пісіру сияқты үй шаруасындағы жеңіл жұмыстарды үйретуге негізделген жоба.

Хабарламаларға жазылу