Сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы керек. Бұл туралы Әлихан Смайылов ұлттық арнаға берген сұқбатында айтты. Қазір елде азық-түлік сататын әрбір орынның осы талапты сақтауына бақылау күшейтілді. Сондай-ақ жұртты өніммен қамтуда монополияға қарсы шаралар да қолға алынды. Қазіргі құбылмалы уақытта қымбатшылықты барынша тежеу үшін, өңірлерде тұрақтандыру қорларын құру маңызды. Қазір соған қаржы бөлініп жатыр. Бірақ түптеп келгенде ішкі нарықты реттемей, проблема шешілмейді.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Жүйелі шара ол ішкі нарықты ішкі азық-түлікпен қамтамасыз ету. Ол үшін біз жыл басынан бері ауыл шаруашылығына көрсетілетін қаржылай көмекті екі есе ұлғайтып, мысалы көктемдегі егіс пен күздегі жинау жұмыстарына қаржыны 70 млрдтан 140 млрдқа дейін жеткіздік. Фортвардтық шараларға да 40 млрдтан 80 млрдқа ұлғайттық. Жалпы биыл ауыл шаруашылығына қаражат көлемі 300 млрдтай болса біз бюджетті нақтылаған кезде көктемде оны екі есе ұлғайттық.
ҚР Премьер-министрі сұхбат берді
Бұл Үкімет басшысының ұлттық арнаға берген сұхбатынан үзінді. Көлемді сұхбатты бүгін сағат 20:30-да «Жаңа Қазақстан» бағдарламасынан көре аласыздар. Премьер-Министр әлеуметтік әрі экономикалық саладағы негізгі мәселелерге пікір білдіріп, Үкіметтің жұмыс жоспарын бөлісті.
Нысаналы Ығыл