Елена Рыбакинаға «Достық» ордені табысталды
Елена Рыбакина, сондай-ақ Премьер-Министрдің қабылдауында болды. Әлихан Смайылов теннисшіге Президент жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін берілген, II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті. Қазақстанда теннисті дәріптеуге баға жетпес үлес қостыңыз. Сіздің жеңісіңіз жас спортшыларды ынталандыра түседі деп сенемін»,-деген тілегін де жеткізді. Елена Рыбакина жүлде қаражатының бір бөлігін елдегі қайырымдылыққа және жасөспірімдерді қолдауға жұмсайтынын айтты.
Елена Рыбакина, «Wimbledon-2022» жеңімпазы:
Менің ойымша, турнир ұйымдастырған немесе жас ойыншыларға грант тағайындаған дұрыс болады. Себебі мен мұнда зор қолдауға ие болдым. Енді жас буынның дамуына менің көмектесетін кезегім. Бірнеше күннен кейін АҚШ-та өтетін турнирлерге дайындаламын. Биылғы мақсат – әлемдік рейтингтің ондығына кіру. Мен бұған ұмтыламын және бар күш-жігерімді саламын.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16