Эпидахуал: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны көбейді
Елімізде өткен тәулікте 482 адамнан коронавирус анықталды. Жұқпаға шалдыққандар саны күн сайын көбейіп келеді. Теріскейдегі эпидахуал да мәз емес. Қазір осы өңірдегі тілшіміз Эльмира Кәленова студиямен тікелей байланыста. Эльмира, өңірдегі эпидахуал қалай?
Эльмира Кәленов, тілші:
Солтүстік Қазақстанда соңғы екі аптада 26 адамнан коронавирус анықталды. Қазір науқастар тиісті ем алып жатыр. Дегенмен өңір «жасыл» аймақта. Ал елдегі эпидахуалға тоқталар болсам, Алматы қаласында инфекция жұқтырғандар саны көп. Мамандардың айтуынша, оңтүстік астана «қызыл» аймаққа енуі мүмкін. Жағымсыз статистиканың екінші сатысында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Өткен тәулікте 128 адамға «коронавирус» диагнозы қойылды. Ал үшінші орында Алматы облысы. Қазақстан бойынша 3200-ден астам адам ауырып жатыр. 400 науқас ауруханада, қалғандары үйде емделуде.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04