Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны көбейді

25.12.2020

Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны көбейді. Желтоқсан айының басынан бері 1000-ға жуық адамнан індет анықталды. Сондықтан өңірде карантиндік шаралар одан әрі күшейтіледі. Бүгіннен бастап ұжымдық кештер мен ертеңгіліктерді өткізуге қатаң тыйым салынды. Қоғамдық тамақтану орындары жұмысын жалғастырғанымен 50 адамнан артық қабылдамауы тиіс. Облыс орталығы Талдықорғанда қаңтардың 5-не дейін спорт секциялары, үйірмелер мен бассейндер жұмыс істемейді. Кезекші сыныптардың бәрі онлайн форматқа көшірілді. 

Асхат Шарапиев, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары:
50 адам болғанымен де, бір столда 4 адамнан аспау керек. Арақашықтық әр адамның ортасында 1,5-2 метр болу керек.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу