Зерендіге Аманат партиясының жастар қанаты жиылды. Табиғат аясында ұйымның 6-съезі бастау алды. Жиын барысында жастар қанатын трансформациялау бағдарламасын бекіту, ірі жобалардың тұжырымдамаларын қабылдау, сондай-ақ ұйым құрылымын қайта форматтау жоспарланып отыр. Шараның бірінші күні делегаттар үшін 5 бағыт бойы білім беру тренингтері ұйымдастырылды. Қазақстанның әр өңірінен келген делегаттар, тек жастар қанатының қызметін жақсарту бойынша емес, жалпы мемлекеттің дамуы үшін қажет экономикалық, әлеуметтік, мәдени сипаттағы идеяларды ұсына алады дейді ұйым төрағасы.
Нұржан Жетпісбаев, «Amanat» партиясы жастар қанатының төрағасы:
Жалпы қазіргі кезде Жаңа Қазақстанның форматында партиямыздың трансформациясы аясында жастар қанатында жаңа жұмысқа, жаңа үрдіске, жаңа стильге бейімделу мақсатында өткізіліп отырған шара. Бұл жерде бізде 20 аймақтан келген 350 делегат 4 күннің ішінде жалпы съездің аясында жастар қанатының жаңа бағыттарын, жаңа жобаларын, жалпы жаңа бағдарламасын талқылап оны қабылдайтын болады.