Батыс Қазақстан облысында ұлттық ойын түрлерінен сайыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында ұлттық ойын түрлерінен сайыс өтті

02.05.2018

Шалғайдағы ауылда өткен шарада жастар аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ және асық атудан сынға түсіп, өзара үздіктерді анықтады. Спорттық ойындармен қатар, төл өнер де ұлықталды. Ақшаңқан киіз үйлер тігілді, жастар жағы алтыбақан маңында мерекеге ерекше сән салтанат сыйлап, думанның көрігін қыздырды. Ауқымды шараға 300-ге жуық жас жиылды.

 

Назерке ТОҚЖАН

Хабарламаларға жазылу