Екібастұздықтарға еріктілер қол ұшын созды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұздықтарға еріктілер қол ұшын созды

29.11.2022

Екібастұздағы жағдайға байланысты «Amanat» партиясы жастар қанатының волонтерлері тұрғындарға көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. «Жастар Рухының» белсенділері бүгін үй-үйді аралап, жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, мүгедектер, мұқтаж отбасыларға жылы киім-кешек, су мен өзге де қажетті тауарларды таратты. Әрі апат салдарын жоюмен айналысып жүрген құтқарушыларға да ыстық тамақ үлестіріп, қол ұшын созып жатыр. Мұнда барлығы 120-дан астам ерікті жұмылдырылған.

Нұржан Жетпісбаев, «Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:
Екібастұз қаласында екіртілер жұмысын жалғастыруда. Ең бірінші кезекте әлеуметтік топтағы азаматтарға жылытқыш құралдарын ұсынып, оны қосып сондай жұмысты жасап жатырмыз. Әрі ремонт жасап жатқан бригадаларға ыстық тамақ пен шәйді тараттық.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу