Түркістанда ойыншық тапаншамен ойынхананы тонаған жасөспірімдер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда ойыншық тапаншамен ойынхананы тонаған жасөспірімдер ұсталды

11.07.2022

Түркістандық полицейлер ойыншық тапаншамен ойынхананы тонаған жасөспірімдерді ұстады. Олар көңіл көтеру орнына таңғы сағат 5 шамасында баса көктеп кірген.

Бетперде киген екеу ойынхана қызметкерлеріне күш көрсетіп, ақша талап етеді. Касса жәшігін бұзып, ішіндегі 350 мың теңгені алып кетеді. Полиция жедел іздестіру нәтижесінде күдікті екі жасөспірімді ұстады. Тергеушілер олардан жауап алуда.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу