Қаулы қабылданды: Құрбан айтта сақталуы тиіс ережелер бекітілді
Алматы облысында коронавирустың таралуына байланысты өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысы жарияланды. Ондағы талап 8-і мен 11-інші шілде аралығында, яғни Құрбан айт кезінде сақталуы тиіс. Құжат бойынша, малды көлікпен және жеке меншік үй иеліктерінен өткізуге тыйым салынған. Мал сою арнайы рұқсат алған жерде және ветеринариялық анықтама болған жағдайда ғана жасалуы керек. Qurban2022.kz сайтына өтініш бере отырып, онлайн режимде құрбандық шалуға да болады. Ал ішек инфекцияларының және тамақтан уланудың алдын-алу мақсатында, Алматы халқына мешіттер мен мейрамханаларда үйде дайындалған тамақты пайдаланбауға кеңес берілді. Қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.
Саламат Омаш
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15
Түркияда әлеуметтік желіге тіркелу үшін жеке куәліктің нөмірін енгізу керек
06.04.2026, 20:13
Axios: АҚШ пен Иранға атысты тоқтату жоспары ұсынылды
06.04.2026, 20:12