Астанада Қытай өнерпаздарының концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қытай өнерпаздарының концерті өтті

26.09.2014
Астанада Қытай өнерпаздарының концерті өтті

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы мәдени күндері аясында гала-концерт өтті.  

Астаналықтардың назарына Қытайдың ұлттық театрында ғана көруге болатын бірегей туындылар ұсынылды. 

Салтанатты шараға қытайдың Ву На, Дун Фэй, Гоу Чаньчань, Мұралай Беймұрат сынды танымал әртістері қатысты.

Сондай-ақ, концертте Қытайдың Орталық халықтық ән мен би ансамблі мен Тайюань қаласы цирк өнерінің труппасы да көрерменге шоу көрсетті.

Лаура БЕКЖІГІТ

 

Хабарламаларға жазылу