Астанада жас пианист жеке концертін өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жас пианист жеке концертін өткізді

18.03.2014
Астанада жас пианист жеке концертін өткізді

Астанада халықаралық конкурстардың лауреаты, фортепиано шебері Дина Дүйсеннің жеке концерті өтті. Кішкентайынан осы өнермен шұғылданған Динаның бұл алғашқы концерті емес. Осыған дейін, классикалық музыканың хас шебері Ұлыбритания, АҚШ, ТМД мемлекеттерінің рухани ордаларында өнер көрсеткен.

 
Сондай-ақ, «Shabyt-Inspiration» пианистер халықаралық байқауының жеңімпазы атанған. Қазір дарынды бойжеткен, Лондондағы Корольдік музыка академиясында білімін шыңдауда.
 
Дина Дүйсен, пианист:
Өз елімде концерт беріп жатқаныма өте қуаныштымын. Қанша дегенмен, бұл жақтың аудиториясы бөлек қой. Сондықтан, мүмкіндік бола қалған жағдайда осында келуге тырысамын.
 
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу