Алматыда 50 мың түп ағаш отырғызылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 50 мың түп ағаш отырғызылады

07.07.2022

Алматы – әсем әрі жасыл қала. Дегенмен, соңғы жылдары қатты желден кәрі ағаштардың құлауы жиілеп барады. Бұл тұрғындар үшін қауіпті. Коммуналдық қызметтерге де салмақ салады. Сондықтан, шаһарда кәрі ағаштарды кесу жұмыстары кешенді жүргізілетен болады.

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:

Бұл жылы арнайы 5 мың ағашты кесуге арнайы квота бердік. Бірақ ол 5 мыңның орнына өзіңіз білесіз 5 есе, 50 мың жаңа ағашты отырғызамыз. Алматыда 4 млн-нан астам ағашымыз бар. Оның ішінде 485 мыңы ауырған ағаш, ескі ағаштар.

10 инвестициялық жоба іске асырылды

Алматы жыл санап өркендеп келеді. Әр салада оң үрдіс байқалады. Экономикасы қуатты. Инвестициялық ахуал жоғары. Биыл 5 айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,6 пайызға дейін өсті. 16 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. 54 бала бақша ашылды. 45 шақырым инженерлік желі салынды. Газбен жүретін 300 автобус сатып алынды.

                     Индикатор - 107,6 %

                     Жұмыс орны – 16,3 мың

                     Бала бақша – 54

                     Инженерлік желі – 45 км

                     Автобус – 300

Сонымен қатар алғашқы медициналық-әлеуметтік көмекті дамытуға басымдық беріліп отыр.

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:

Осы жылдың соңына дейін «Кемел» және «Мамыр» шағын аудандарында 2 отбасылық-дәрігерлік амбулаторияны салу және №11 қалалық емхананы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ «Саялы», «Қарасу» және «Нұршашқан» шағын аудандарында 3 отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталып, 2023 жылы аяқталады.

Кәсіпкерлер тарапынан 1 594 өтініш мақұлданды

Шаһарда қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төлеу толық аяқталды. Мың жарымнан астам өтініш мақұлданып, 14,5 млрд теңге бизнеске берілді.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу