Елде темір жол билеттерінің құны өсті. «Жолаушылар тасымалы» АҚ, өңірлер арасындағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттардың бағасын жеті пайызға «индекациялады». Бағасы өскені бір бөлек, тұрғындар билет таппай сабылып жүр. Жауаптылар мәселені шешу жолдарын қарастырып жатырмыз дейді.
Жылдағы әдет. Жаз болса, билет табылмайды. Темір жол вокзалын жағалап жүрген адам көп. Бірақ, билет жоқ. Бәрі сатылып кетіпкен.
Фархат Өтешов, Маңғыстау облысының тұрғыны:
Билет алу қиын болды, өте қиын болды. Жоқ, оны қарап отырасың жоқ қой. Болса да қымбат. Бір ай күттік бір билет алу үшін сұмдық қой. Алып-сатарлардан алдық.
Арзан билет керек болса, 45 күн алдын сатып алу керек. Яғни азаматтар сапарын алдын ала жоспарлауы тиіс. Осы арқылы азаматтар билетті 25 пайызға дейінгі жеңілдікпен ала алады. Ал, жол жүруге таяғанда сатып алса, қымбатқа түседі.
Мәди Мұхаммедқали, «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі:
«Жолаушылар тасымалында» мемлекет тарапынан бөлек осы компания тарапынан шығындар бар. Ол дегенмен де айтарлықтай өзге мемлекеттің тасымалдаушыларына қарағанда біздің «Жолаушылар тасымалы» АҚ жол жүру құны едәуір арзан болып келеді. Бұл вагондарды жаңартуға толыққанды қамтиды деп айта алмаймыз. Бір кішігірім бөлігі болмаса, көбінесе бізде мемлекет тарапынан субсидияланған вагондар бар.
Билет қымбаттағаны бір бөлек, жолаушылар пойыз вагондарының сервистік қызметіне көңілі толмайды. Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарасы бірі вагондар ескірген дейді, бірі гигиеналық талаптардың сақталмағанына наразы.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұрғындардың шағымы бойынша вагондарының жай-күйіне және сервис деңгейіне қойылатын талаптарды қатайтатынын айтады.
Жәнібек Тайжанов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы
Министрлік жолаушылар пойыздарында жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі ұлттық стандартты қайта қарады. Жасалған шарттар шеңберінде жолаушыларды тасымалдау ережелерін, стандарттар мен санитарлық нормаларды сақтау бойынша тасымалдаушылардың жауапкершілігі көзделген.
Жауаптылардың айтуынша, жолаушылардың сұранысына байланысты қосымша вагондар қарастырылған. Бұдан бөлек қазір қызмет көрсететін пойыздардың ең ескісі 40 жыл бұрын пайдалануға берілген. Әлі де адамдары тасымалдауға жарайды, дейді. Ал, 2029 жылға дейін 500 вагон жаңартуды жоспарлап отыр.
Асылбек Данияр