«Amanat» жастар қанатының кезектен тыс съезі 12 шілдеде өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat» жастар қанатының кезектен тыс съезі 12 шілдеде өтеді

05.07.2022

«Amanat» жастар қанатының кезектен тыс Съезі 12 шілдеде өтеді. Шешім жастар қанаты орталық кеңесінің отырысында қабылданды. Сонымен 5-ші Съезд Ақмола облысының Зеренді ауылында өтеді. Барлық өңірден 350-ден аса делегат қатысады. Партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Жаңа Қазақстанды құру жағдайында жастарға негізгі рөл берілетінін айтты. Сондықтан наурыздан бастап, жастар қанатын қайта жандандыру бойынша үлкен талдау жұмыстары жүргізіледі.  

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу