«AMANAT» партиясының саяси тұғырнама жобасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AMANAT» партиясының саяси тұғырнама жобасы талқыланды

29.09.2022

«AMANAT» партиясының саяси тұғырнама жобасы аумақтық филиалдарда талқыланды. Кездесуде партия мүшелері ертең өтетін конференцияға қатысатын делегаттарды да сайлады. Мәселен, Павлодар облысындағы 13 аумақтық филиалдың конференция жұмысына партияның 842 мүшесі қатысты. «Жастар Рухы» жастар қанаты жаңа саяси тұғырнамаға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Ал Шығыс Қазақстандағы 11 аумақтық конференцияға 1 мыңнан астам партия мүшесі жиналды. 6 қазанда Астанада «AMANAT» партиясының кезектен тыс 24-ші Съезі өтеді. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен делегаттар қатысады.

Әскерхан Хуанбай, «Amanat» партиясы қалалық филиалының мүшесі:

Партияның тұғырнамасында тағы да бір көтерілген мәселелер мына қазақтың ұлттық құндылықтары, салт-дәстүрмен қатар мәртебесін өсіру, жаппай қолданыс аясын кеңейтуге осы жерде аса басымдық берілгені. Жалпы, халықтың көкейіндегі мәселелер деп ойлаймыз. Өйткені, қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы күн сайын қанатын кеңге жайып, жақсарып келе жатыр.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу