Астанада «Жас Отан» жастар қанатының кезектен тыс III съезі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Жас Отан» жастар қанатының кезектен тыс III съезі өтуде

09.04.2015
Астанада «Жас Отан» жастар қанатының кезектен тыс III съезі өтуде

ІІІ съезде ұйымның әрі қарайғы іс-қимылы үшін идеологиялық бағдар болатын бағдарлама  қабылданады. Сондай-ақ, ол «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру жолында  табысқа қол жеткізуге бағытталған. Құжат негізінде «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасында көрсетілген құндылықтар жатыр. 

Бұрын-соңды бағдарлама жобасы ел бойынша жастар арасында белсенді талқыланған еді. Талқылаулар «Еркін пікір» пікірталас клубы отырысының шеңберінде өңірлік конференцияларда, «Жас Отан» ЖҚ-ның 1700 бастауыш бөлімдерінде өтті. 

Съезд жұмысына елдің барлық өңірінен 2000 адам қатысуда. Олар -  «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, жастар ұйымдарының мүшелері, шығармашыл жастар, жас ғалымдар, спортшылар, мәслихат депутаттары, жұмысшылар мен ауыл жастары. 

nurotan.kz

Хабарламаларға жазылу