Еуразиялық Дизайнерлер Одағының 10 жылдығына арналған республикалық көрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық Дизайнерлер Одағының 10 жылдығына арналған республикалық көрме өтті

05.07.2022

Бүгін Еуразиялық Дизайнерлер Одағының 10 жылдығына арналған республикалық көрме өтті. Шараға елдің барлық өңірінен 100-ден аса дизайнер қатысып, үздіктері арнайы марапатқа ие болды. Ал, көрермендер назарына этно дизайн, ART дизайн, сәулеттік дизайн бағыттары бойынша шығармашылық жұмыстар ұсынылды. Көрменің басты мақсаты - ұлттық стильді заманауи бағытпен ұштастырып, әлемдік сахнаға шығу дейді ұйымдастырушылар.

Ермек Асылханов, Еуразиялық дизайнерлер одағының төрағасы:

Басты мақсатымыз - дизайнды жастарға дәріптеу, ұлттық дизайнды дамыту. Облыс пен елдің түкпір-түкпіріне дизайнды жеткізіп, сол дизайнерлерді осы жерге тарту. Келіссөздер жүргізіп жатырмыз олардың дизайндері бізге келеді, біз оған барамыз.


Хабарламаларға жазылу